28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» мен «Арсенал» арасында Субименди үшін талас күшейді

«Реал» мен «Арсенал» арасында Субименди үшін талас күшейді

«Реал» бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалған Хаби Алонсо «Реал Сосьедадтың» тірек жартылай қорғаушысы Мартин Субимендиге қызығушылық танытып отыр. Бұл футболшыны мадридтік клуб өз сапында көргісі келеді.

Goal.com порталының хабарлауынша, Субименди — Алонсоның басты нысанасы. Ол хорват жұлдызы Лука Модричтің орнын басатын лайықты ойыншы ретінде қарастырылып жатыр.

Ал бұған дейін инсайдер Фабрицио Романо «Арсенал» Субименди үшін 60 миллион еуро көлеміндегі өтемақы төлеуге келісіп қойғанын жазған.

Биылғы маусымда Субименди «Реал Сосьедад» сапында 48 ойын өткізіп, 2 гол соғып, тағы 2 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін күшінде. Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтық бағасы – 60 миллион еуро.