Время для чтения: 1 мин

Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында

Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының (Билли Джин Кинг кубогы) финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы ширек финалда басты фавориттердің бірі — АҚШ командасымен ойнайды.

Егер қазақстандық теннисшілер жеңіске жетсе, жартылай финалда Жапония мен Ұлыбритания жұбының жеңімпазымен жолығады.

Ширек финалдағы барлық жұптар:

– Италия – Қытай
– Испания – Украина
– Қазақстан – АҚШ
– Жапония – Ұлыбритания

Турнирдің финалдық кезеңі 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.