06.11.2025
Время чтения: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасында жеңіліп қалды

Чемпиондар лигасының төртінші туры аясында алматының «Қайраты» сырт алаңда «Интер» командасына қарсы 2:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

Қос клубтың негізгі құрамы төмендегідей болды:

«Интер»: Зоммер, Дюмфрис, Де Врей, Зелиньски, Мартинес, Фраттези, Барелла, Аугусто, Биссек, Димарко, Эспозито.

«Қайрат»: Анарбеков, Луиш Мата, Қассабулат, Жоржиньо, Сәтпаев, Арад, Мрынский, Широбоков, Эдмилсон, Громыко, Сорокин.

Гол авторлары: 45′ Мартинес; 55′ Арад; 67′ Аугусто;

Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі ойыны 26 қараша Дания жерінде «Копенгагенге» қарсы өтеді.